Сарапшылардың топшылауынша, атысты тоқтату, гуманитарлық дәліздер ашу және тұтқындар алмасу сияқты мәселелер көтерілуі ықтимал.
Ыстамбұлда Украина мен Ресей арасында келіссөз өтеді
Фото: РИА новости
671
оқылды

Ыстамбұлдағы Долмабахче сарайында таңертеңге жоспарланған кездесу бірнеше сағатқа шегерілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап. 

Сарай маңында қауіпсіздік шаралары күшейтілген – полиция мен арнайы қызмет өкілдері аумақты толық бақылауда ұстап тұр.

Алайда жиын жабық форматта өтетіндіктен, делегация мүшелері тарапынан әзірге ресми мәлімдеме жасалған жоқ. Келіссөздердің нақты қашан аяқталары белгісіз.

Бірақ дипломатиялық дереккөздер бұл кездесу бейбіт келісімге бастайтын маңызды сәт болуы мүмкін деп болжауда. Сарапшылардың топшылауынша, атысты тоқтату, гуманитарлық дәліздер ашу және тұтқындар алмасу сияқты мәселелер көтерілуі ықтимал.

Бгінгі кездесудің мақсаты – екі тарапқа да тең дипломатиялық алаң ұсыну.