Сомасы 3 млрд теңге болатын синтетиканың екі жүз мыңнан астам бір реттік дозасы заңсыз айналымға жіберілмеді.
Талғарда есірткі зертханасынан 100 келі мефедрон тәркіленді
Фото: polisia.kz
493
оқылды

Алматы облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметкерлері Бас прокуратураның бірінші қызметімен бірлесіп, өнеркәсіптік ауқымдағы есірткі зертханасын жойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Polisia.kz мәліметінше, есірткі өндірісі Талғарда орналасқан фермалардың бірінде ұйымдастырылды. Тінту кезінде 8 тоннадан астам прекурсор мен 100 кг дайын өнім, мефедрон тәркіленді.

Осылайша жалпы сомасы 3 млрд теңге болатын синтетиканың екі жүз мыңнан астам бір реттік дозасы заңсыз айналымға жіберілмеді.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті есірткі құралдарын дайындағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жаза барын ескертеді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.