Іс-шараға ТМҰ мүше мемлекеттер – Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және ТМҰ бақылаушы мемлекет – Мажарстанның орталық сайлау органдарының, сондай-ақ 4 беделді халықаралық ұйым – ТМҰ, Сайлау органдарының дүниежүзілік қауымдастығы (A-WEB), Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы (ТүркПА), Түркі академиясының басшылары, сондай-ақ ТМҰ елдерінің ғалымдары, Парламент депутаттары, Орталық сайлау комиссиясы жанындағы Сараптамалық кеңестің мүшелері, облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары қатысты.
Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің орталық сайлау органдарының консультативтік платформасын құру бастамасын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 3 қарашада Астанада өткен ТМҰ X мерейтойлық саммитінде ұсынған болатын.
ТМҰ мүше мемлекеттердің орталық сайлау органдарының консультативтік платформасын құру туралы шешім барлық түркі мемлекеттер басшылары тарапынан бірауыздан қолдау тауып, 2024 жылғы 6 қарашада қабылданған ТМҰ XI саммитінің Бішкек декларациясында көрініс тапты.
ТМҰ мүше мемлекеттердің орталық сайлау органдарының басшылары қол қойған ОСО КП Ережесінде ТМҰ елдерінің орталық сайлау органдары арасында жүйелі ынтымақтастық орнату өзара түсіністікті нығайтуға және сайлау процестерінің тиімділігін арттыруға ықпал ететіні атап өтілген. Сонымен қатар, құжат ТМҰ мүше мемлекеттерді сайлау және референдумдар кезінде халықаралық байқау миссияларын ұйымдастыру арқылы көпжақты ынтымақтастық пен үйлестіруді дамытуға ынталандырады.
ОСО КП мүшелері Ережеде мынадай шешімдер қабылдады: сайлау рәсімдері бойынша диалог, ақпарат, үздік тәжірибелермен алмасу үшін платформа құрады; сайлау органдары арасындағы ынтымақтастықты дамытады; сайлау процестеріне инновациялық тәсілдер мен технологияларды енгізеді; электоралды іс-шараларды ұйымдастыруда ТМҰ елдерінің ОСО қызметін үйлестіреді; сайлау органдары арасында сарапшылармен және оқу-әдістемелік материалдармен алмасуға жәрдемдеседі; сайлау байқауына қатысып, тәжірибе жинақтауға және сайлау жүйесін дамытуға ықпал етеді.