Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Ұлттық жиналысының төрағасы Ален Симонянды қабылдады
Қазақ-армян қатынасы нығаяды
205
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев мәрте­бе­лі мейманға ілтипат білдіріп, Ар­мения Парламенті Спикерінің сапары екіжақты ынтымақтастықты тереңдету тұрғысынан маңызға ие екенін айтты. Президент өзара ық­пал­дастықты ілгерілетуге заң шы­ғару­шы органдар тарапынан жан-жақ­ты қолдау көрсетілуі қажет деп са­найды.

Мемлекет басшысы Арменияны Қазақстанның Оңтүстік Кавказ ай­ма­ғындағы сенімді серіктесі ретінде атады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың ай­туын­ша, бүгінде қазақ-армян қа­рым-қатынасы көптеген бағыт бойын­ша жос­парға сай дамып келе­ді. Бұған тұ­рақты саяси диалог, сауда-эко­но­ми­калық және мәдени-гуманитар­лық байланыстар ықпал етіп отыр.

Ален Симонян қонақжайлық та­­нытқаны үшін Мемлекет бас­шы­сы­на және Қазақстан халқына шы­найы ықыласын жеткізді. Ол екі­жақ­ты диалогтың басты тетіктерінің бірі ретінде парламентаралық ық­пал­дастықты нығайту мен сенімді сая­си серіктестік орнатудың мәні зор екеніне тоқталды.

Сондай-ақ Ұлттық жиналыс тө­рағасы Армения Республикасының Қазақстанмен экономикалық байланыстарды жандандыруға мүд­делі екенін атап өтті. Оның пікі­рін­ше, өзара сауда-саттық көлемін арт­­тыруға ықпал ететін нақты ша­ра­­ларды қолға алу керек.

Армян тарапы орайлы сәтті пай­да­лана отырып, Қазақстанның Ар­­­мения мен Әзербайжан арасында бейбітшілік орнатуға күш салғаны үшін алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ален Симонян екі елдің әл-ауқаты мен өрлеуі жолында қазақ-армян қа­рым-қатынасын жан-жақты ны­ғайтуға бейіл екенін растады.