Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің көлік-логистика саласын дамыту мәселелері жөніндегі отырысы өтті.
Транзит жобаларының кешігуін сынға алды
243
оқылды

Көлік министрі Марат Қарабаев­тың және бірқатар орталық мем­ле­кет­тік орган басшыларының баянда­ма­лары тыңдалды.

Мемлекет басшысы көлік саласын­дағы ахуалды сынға алды. Қордаланған проблемалар мен белгіленген меже­лер­дің орындалмауы жаңғырту жұ­мыс­тарын жүргізуге кедергі келтіріп отыр.

Президент шекарадан жүк өткізу­дің қиындығын, көптеген өткізу бе­кет­терінің жағдайы нашар екенін, сон­дай-ақ ірі инфрақұрылымдық-тран­зиттік жобалардың өз уақытынан ке­шігіп жатқанын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасыл дә­ліз» жүйесін ұйымдастырып, елі­міз­дің логистикалық әлеуетін оңтайлы пай­даланудың маңызына тоқталды. Оның айтуынша, жаһандық сын-қа­терлер күшейген кезеңде Қазақстан өзі­нің бәсекелестік артықшылығын сақ­тап қана қоймай, оны нығайта түсуге тиіс.

Мемлекет басшысы жүк тасымалы кө­лемін арттыру үшін нарықты авиа-о­тын­мен жеткілікті деңгейде қамтама­сыз ету қажет деп санайды.

Бұдан бөлек, мультипликативтік тиім­ділікті көтеру мақсатында еліміз ар­қылы өтетін жүк тасымалы көлемін ұлғайту, соның ішінде әлемдік жеткізу тізбегіне қосылу міндеті қойылды.

Жиын соңында Президент ми­нистр Марат Қарабаевқа жұмыс бары­сын­да жіберген кемшіліктері үшін сө­гіс жариялады. Мемлекет басшысы кө­лік-логистика саласындағы проб­ле­маларды шешуге қатысты нақты шаралар қабылдауды тапсырды.