Француз тарапының бастамасымен Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Француз Республикасының Еуропа және сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барромен телефон арқылы сөйлесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
СІМ мәліметінше, сұхбат барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-француз ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары талқыланды. Инвестиция тарту, сондай-ақ білім беру жобаларына ерекше назар аударылды.
Министрлер өткен жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы қарашада Францияға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырудың маңызын атап өтті.
Сыртқы саяси ведомстволар басшылары Астана мен Париж арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдету мен байланыстарды кеңейтуге өзара мүдделілік танытты.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.