«AMANAT» партиясының қолдауымен Алматы облысы әкімдігі және Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырған «Ұлы дала жорығы-2025» мәресіне жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
14 мамыр күні халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі аяқталды. Таңғы сағат 7.00-де 6 команда Алматы облысы Іле ауданы Ақши аулының маңынан жорықты жалғап, Қонаев қаласында аяқтады.
Бес күн, яғни 500 шақырым қорытындысы бойынша, Астана қаласының командасы жеңімпаз атанды. Екінші орын иегері – Қырғыз Республикасының бірінші командасы, ал үшінші орынға Ұлытау облысы жайғасты.
500 км қорытындысы |
||
№ |
Команда атауы
|
Жалпы уақыт |
1 |
Астана қаласы |
31:19:05 |
|
||
2 |
Қырғыз Республикасының бірінші командасы |
32:26:57 |
|
||
3 |
Ұлытау облысы |
32:37:47 |
|
||
4 |
Маңғыстау облысы |
33:09:03 |
|
||
5 |
Алматы облысы |
33:47:05 |
|
||
6 |
Қырғыз Республикасының екінші командасы |
Жарыстан шықты |
|
||
7 |
ШҚО |
Жарыстан шықты |
|
||
8 |
Атырау облысы |
Жарыстан шықты |
|
||
9 |
Қостанай облысы |
Жарыстан шықты |
|
||
10 |
Жетісу облысы |
Жарыстан шықты |
|
||
11 |
Жамбыл облысы |
Жарыстан шықты |
|
||
12 |
Абай облысы |
Жарыстан шықты |
|
||
13 |
РФ Татарстан |
Жарыстан шықты |
|
||
14 |
Ақмола облысы |
Жарыстан шықты |
|
||
15 |
Қарағанды облысы |
Жарыстан шықты |
|
||
16 |
БҚО |
Жарыстан шықты |
|
||
17 |
Мажарстан |
Жарыстан шықты |
|
||
18 |
Иран |
Жарыстан шықты |
|
||
19 |
Оңтүстік Африка |
Жарыстан шықты |
|
Жол қашықтығы 500 шақырымды құрады және бағыт Алматы облысының аумағын қамтыды.
Қолдау көрсетушілер: «AMANAT» партиясы және Алматы облысының әкімдігі.
Жобаның басты серіктесі: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы, Alageum Electric компаниясы.
Ақпараттық серіктестер: «Хабар», «Қазақстан» «Астана» телеарналары.
Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің жоғары деңгейде өтуіне атсалысып, шабандоздар мен атбегілерге бар мүмкіндікті жасап жатқан Алматы облысының әкімдігіне және облыс тұрғындарына алғыс айтамыз.
«Ұлы дала жорығы» – үздік жылқы тұқымы анықталатын далалық лаборатория.