Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылдың ақпан айында Иордания Хашимит Корольдігіне сапарының қорытындысы бойынша, Иордания тарапы Қазақстанға ұшуды бастауға ниет білдірген болатын.
Иордания мен Қазақстан арасында тікелей әуе рейсі ашылады
Фото: gov.kz
347
оқылды

Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Иордания Хашимит Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Хамза Әл-Омари мырзамен кездесті. Кездесу барысында тараптар әуе қозғалысы туралы келісімге қол қою мүмкіндігін қарастырып, елдер арасында тікелей әуеқатынасын ашу мәселесін талқылады,  – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Хамза Әл-Омари мырза сонымен қатар  Royal Jordanian әуе компаниясының 2026 жылдың маусымынан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен Қазақстанға тікелей рейстерді орындау жоспарлары туралы хабарлады. Өз кезегінде Қазақстан тарапы қолданыстағы келісімдер аясында әуе рейстерін ашуға қажетті көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. Сонымен қатар тараптар елдер арасындағы теңіз кемелерінің экипаж мүшелерінің дипломдарын өзара тану туралы келісімге қол қою мерзімдері туралы келісті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.