Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылдың I тоқсанында республика экономикасының түрлі салаларында 9 283,5 мың адам жұмыспен қамтылған, оның ішінде 7 141 мыңы (экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 76,9%) жалдамалы қызметкер болса, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар – 2 142,5 мың адам (экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 23,1%). 15 және одан жоғары жастағы халыққа шаққандағы жұмыспен қамту деңгейі 64,4% құрады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
2024 жылғы I тоқсанмен салыстырғанда жалпы жұмыспен қамтылғандар 116,2 мың адамға өсті, негізінен жалдамалы қызметкерлер есебінен.
Жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі сауда (17%), білім беру (13,4%), өнеркәсіп (12,5%) және ауыл шаруашылығы (10,3%) салаларында байқалды.
Жас құрамы бойынша жұмыспен қамтылған халықтың негізгі үлесі 35-44 жас аралығында, бұл жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 28%. Жұмыспен қамтылғандардың тағы 40% 29-34 және 45-54 жас санаттарындағы жұмысшылар.
Өңірлер бөлінісінде жалдамалы қызметкерлер саны Алматы қаласында ең көп – 985,8 мың адам, өз бетінше жұмыспен қамтылған қызметкерлер бойынша – Түркістан және Алматы облыстары, тиісінше 378,2 мың және 233,7 мың адамнан.
Жұмыспен қамту бойынша іріктеп зерттеу деректеріне сәйкес, Халықаралық еңбек ұйымының әдіснамасы бойынша есептелген Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі (табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын болған) 4,6% құрады. Өткен жылдың тиісті тоқсанында көрсеткіш 4,7% болған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.