Желі қолданушылары актрисаның табандылығына тәнті болып, денсаулық тілеп, лебізін білдіріп жатыр.
«2023 жылдан бері алысып келемін»: Жұлдыз Әбдікәрімова денсаулығы туралы айтты
Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial
5,945
оқылды

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында денсаулығы туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол біраз уақыттан бері жақ сүйегіндегі ақауды түзету мақсатында ем қабылдап жүргенін жеткізді.

«Мен сол тістің жырымен жүрген жайым бар. Жұлдыз, сәл шыда, аз-ақ қалды деп жүрмін. Қай этапқа келгенімізді көрсетейін. Бірақ шошып кетпеңіздер. 2023 жылдан бері жақпен алысып келеміз. Мен де қайтпаймын, жақ та шаршамайды. Фиништің ауылы алыс емес. 2026 жылы бітеді, дейді-мыс», – деп жазды ол Instagram парақшасына.

Желі қолданушылары актрисаның табандылығына тәнті болып, денсаулық тілеп, лебізін білдіріп жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.