Бұл бастама халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру және киберқылмыстың алдын алуға бағытталған.
Алаяқтан сақ болайық: полиция ерекше бастаманы қолға алды
Фото: telegram.org/k/POLICE_of_KZ
510
оқылды

Шығыс Қазақстан облысында полицейлер ерекше бастаманы қолға алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, сүт өнімдерінің қаптамаларына «Алаяқтардан сақ бол» деген жазуы бар арнайы QR-кодтар орналастырылды.

Кодты сканерлеу арқылы тұтынушылар облыстық Полиция департаментінің ресми парақшасына өтіп, қажетті ақпаратқа қол жеткізе алады. 

Біздің мақсатымыз – әр отбасына үн қату. Біз күнделікті тұтынылатын өнімдер арқылы әрекет етудеміз. Бұл – қарапайым, ыңғайлы әрі тиімді тәсіл, – деді ШҚО ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Д.Камалханов.

Бұл бастама халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру және киберқылмыстың алдын алуға бағытталған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.