Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.
Елордада жол жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы шектеледі
630
оқылды

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Абылай хан даңғылы мен Б.Майлин көшесі қиылысының жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді, - деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Осыған байланысты 13 мамыр күні сағат 21:00-ден бастап 14 мамыр күні сағат 07:00-ге дейін қозғалыс толығымен жабылатын болады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.