Жәбірленушілердің азаматтық талаптарын өтеу мақсатында 1,1 млрд теңге көлеміндегі мүлік тәркіленіп, өтем ретінде аударылған.
Ақтауда ірі мөлшерде қаржы жымқырған құрылыс компаниясының басшылары ұсталды
Видеодан скриншот
767
оқылды

Ақтау қаласында «Сұлтан», «Аққала» және «Мұрагер» көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы кезінде жасалған аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша айыптау үкімі шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған істі ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті жүргізді.

– Тергеу барысында «ИнтерьерСтройАқтау» ЖШС басшыларының құрылыс жүргізуге рұқсат құжаттары, лицензиясы және жобалық-сметалық құжаттамасы болмағанына қарамастан, 590 үлестік қатысу келісімшартын жасасқаны анықталды. Нәтижесінде үлескерлерден заңсыз түрде 5,5 млрд теңгеден астам қаражат тартылған, – делінген ақпаратта.

Сонымен қатар, құрылыс жұмыстары талапқа сай жүргізілмеген және белгіленген мерзімде аяқталмаған. 

1,9 млрд теңге көлеміндегі қаражат жалған құрылыс актілері арқылы қолма-қол ақша ретінде кассадан шығарылып, оны компания басшылығы иемденіп кеткен.

- Тергеу барысында 5 жер телімі мен 47 автокөлікке тыйым салынды. Сот үкімімен компания басшылары 3,5 жылдан 6,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, жәбірленушілердің азаматтық талаптарын өтеу мақсатында 1,1 млрд теңге көлеміндегі мүлік тәркіленіп, өтем ретінде аударылған, – деп мәлімдеді ҚМА өкілдері.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.