Премьер-Министр шаруалар үшін жеңілдікті жанар-жағармай материалдарын тұрақты жеткізу мәселесі туралы айтты.
Министрлік шаруаларға жанар-жағармайды уақытылы жеткізіп беруі тиіс – Олжас Бектенов
Фото: primeminister.kz
381
оқылды

Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов аграрлар үшін жеңілдікті дизель отынын тұрақты жеткізуді қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті, – деп хабарлайды  Aikyn.kz Үкіметке сілтеме жасап.

«Белгіленген көлемде арзандатылған дизель отынымен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесі ерекше назар аударуды талап етеді. Бұл бірінші кезекте – әкімдіктердің жауапкершілігі. Бүгінгі таңда шамамен 210 мың тонна отын жөнелтілді. Бұны мақсатсыз пайдалану, алыпсатарлықпен өткізу және жасанды тапшылық жасау фактілеріне мүлдем жол беруге болмайды. Отынның барлық қажетті мөлшері фермерлерге бекітілген кесте бойынша жеткізіп берілуі тиіс», – деп атап өтті Премьер-Министр.
Сонымен қатар ол облыс әкімдіктеріне жанар-жағармай материалдарымен үздіксіз жабдықтау мақсатында жүйелі мониторингті қамтамасыз етіп, жеңілдікті дизель отынының жөнелтілген және қалған көлемі туралы жаңартылған ақпаратты апта сайын Энергетика министрлігіне ұсынуды тапсырды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.