Ш.Қалдаяқов көшесінің учаскесі уақытша жабылады.
Астанада бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі
Фото: gov.kz
473
оқылды

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тәуелсіздік даңғылынан Ж.Нәжімеденов көшесіне дейінгі учаскеде Ш.Қалдаяқов көшесіне орташа жөндеу жүргізеді, – деп хабарлайды  Aikyn.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты, 14-25 мамыр аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта автокөлік құралдарының қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.