Заманауи технологиялардың қарыштап дамыған заманында елімізде кең етек алған қылмыстың түрі – интернет алаяқтық.
Киберқылмыс күйретіп барады
647
оқылды

Бүгінгі қоғамда бұл қылмыс түрінен зардап шеккен азаматтардың саны күн санап артпаса, кеміген емес. Әсіресе, киберқылмыскерлер түрлі желілер арқылы айласын асырып, азаматтарды сан соқтырып келеді. 

Біздің елімізде де бұл мәселе өзек­ті­лі­гін жояр емес. Соның салдарынан жыл сайын мыңдаған азаматтар кибер­қыл­мыстың құрбанына айналып, сан соғып қа­лып жатады екен. Ең қиыны сол, алаяқ­тар­дың айла-тәсілі күн санап түрленіп, күр­деленіп бара жатқаны байқалады. Өзге өңірлермен қатар, оның салқынын сыр­бойы­лық жамағат та сезініп жүр. 

Өркениетті қоғамда ғаламтор тұтыну­шы­ларды қырғидай қырып бара жатқан ки­берқылмыскерлерді құрықтау оңай шаруа болмай тұр. Құқық қорғаушылар кү­рес жұмыстарын күшейткенімен, көп жағ­дайда ізін жасыруға тырысады. Қылмыс жа­саған тұлғаның жеке басын анықтау да оңай­ға соқпайды. 

Осы орайда цифрларды сөйлетсек тіпті сұм­дық. Жалпы, жыл басынан бері осы қыл­мыс түріне қатысты 298 дерек тіркеліпті. Бұл өңірде жалпы тіркелген қылмыстық құ­­­­қықбұзушылықтың 37,3 пайызын құрай­ды екен. Оның ішінде сотқа дейінгі тергеп-тек­серу нәтижесімен 212 қылмыстық іс өн­­­дірістен аяқталып, түпкілікті шешім қа­былданып, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабымен қылмыстық жауап­кер­шілікке тартылған. Соның ішінде Қы­зыл­орла облысында 118 интернет-алаяқтық де­регі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сот­қа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесімен 41 қылмыстық іс өндірістен аяқталып, түп­­кі­лікті шешім қабылданған.

«Интернет алаяқтықтың басқа қыл­мыс­тарға қарағанда басты ерекшелігі – жалпақ жұрт­тың бәріне қатысты жасалуында бо­лып отыр. Ол дегеніміз – қолында ком­пью­тер, смартфон, планшеті бар адам кез кел­­ген уақытта интернет алаяқтардың құр­­банына айналуы мүмкін. Қылмыскерлер уақыт талабынан қалмай, азаматтардың ақшалай қаражатын жымқырудың түрлі жаңа әдіс-тәсілдерін қолдануда. Әсіресе, олар әлеуметтік желілердің мүмкіндігін ұтым­ды пайдаланып отыр», – дейді бізге Қы­зылорда облысы Полиция депар­тамен­ті­нің Киберпол басқармасының бастығы полиция майоры Бағдат Тлеуімбетов. 

Мәліметке сәйкес, бүгінде алаяқтық қылмыстың бірнеше түрі кең ете алып барады. Атап айтқанда, жұмысқа ор­наластыру, жер немесе пәтер алу, несие рә­сімдеу, жүргізуші куәлігін алуға көмек­тесу, диплом алу немесе жоғары оқу орнына түсіру, медициналық комиссиядан өткізу, мүгедектікке шығару, жиһаз жасау, емдеу мекемелеріне тегін жолдама беру сынды толып жатқан тәсілдері бар. 

«Қазіргі уақытта өңірімізде интернет алаяқ­тықтың бірнеше түрі белең алып тұр. Атап айтсақ, кез келген адамға өзін ұялы бай­ланыс операторы ретінде таныстырып, SIM картаңыздың жарамдылық мерзімінің өткенін ескертіп, мерзімін ұзарту үшін ұялы телефонға жіберілген кодты сұрап жа­тады. Олар осы арқылы жеке деректерге қол жеткізеді. Сондай-ақ өздерін банк қыз­мет­кері ретінде таныстырып, атыңыздан не­сие алып жатқанына немесе онлайн-банкті бұзып жатқанына сендіруге әрекет ете­тіндер де кездеседі. Соңында белгілі бір со­маны арнайы шотқа салуды талап етеді. Бұдан өзге түрлі әлеуметтік желілер мен мес­сенджерлер арқылы акцияға инвестиция салудан жылдам түсетін кірісті жарнамалау, Whatsapp әлеуметтік желісі арқылы жақын таныстарыңыздың фотосуреттерін пай­далану арқылы қарызға ақша сұрау, пайыз­дық мөлшермен үстемақыны көбейту секілді sms хабарламаларға алданып, көр­се­тілген есепшоттарға ақша аудару факті­лері жиі бой көрсетіп жатады. Instagram, OLX, Колесо.кз, Крыша.кз желілері арқы­лы тұрмыстық заттарды, көліктерді сату-жет­кізу парақшаларын ашып, жалған жар­­­­намалар орналастырып, ақша аудартып алу деректері де жиілеп тұр. Облысымызда ин­тернет-алаяқтық қылмыстарымен айна­лысу мақсатында «Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы» құрылып, арнайы ақпараттық техникалармен жабдықталып, жұмыстарды атқаруда. Бұл түрғыда ішкі істер органдарына бақылау жасау құзыреті берілмеген. Дегенмен қылмыстық құқық­бұзу­шылық деректері бойынша арыз-ша­ғым болған жағдайда қылмыстық іс тірке­ліп, заң жүзінде тиісті шешім қабыл­данады. Осы орайда әрбір адам өзіне қоңырау шал­ған немесе мессенджерлермен байла­ныс­қан белгісіз тұлғаның шарттарын орын­дамас бұрын, сақтық шараларын ұстанғаны жөн болар еді», – деп түсіндірді басқарма басшысы. 

Осы орайда айта кеткен абзал, Қа­зақ­станның байланыс оператор­лары алаяқтық мақсатпен шетелден қоңы­рау шалатын нөмерлерді бұғаттау арқылы қыл­мыстың алдын алу бағытында тиісті жұ­мыстар жүргізе бастаған. Нәтижесінде, осы уақытқа дейін 50 млн астам қоңырау бұ­ғат­талған. Ал интернет алаяқтықтың құр­банына айналғандардың басым көбі өз­де­рін банк қызметкеріміз деп таныстыр­ған­дар­ға алданып жатады екен. Мамандар бұл тұр­ғыда интернет алаяқтардың мұндай тә­сі­лін жүзеге асыруда арнайы желі жұмыс жасайтынын да анықтап отыр. 

Осындай келеңсіздіктерді болдырмау мақ­сатында тәртіп сақшылары тиісті шара­лар жүргізіп отырғанын мәлімдеді. Ең бас­тысы, әрбір азамат жеке басына қатысты дерек­терді белгісіз тұлғаға жария етпеуі тиіс еке­нін екенін айтып отыр. Әйтпесе, ки­бер­қылмыскерлердің құйтырқы әрекеттеріне түбегейлі тұсау салу әзірге оңай болмай тұр­ған сияқты.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ,

Қызылорда облысы