«AMANAT» партиясы Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы кезекті зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Тексеріс жүргізілді
425
оқылды

Аталған іс-шараға Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Бердіқұл Садықов, «AMANAT» партиясының әл-Фараби аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ердәулет Жүнісбек және комиссия мүшелері қатысты.

Зерделеу жұмыстары партияның 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында белгіленген басым бағыттардың орындалу барысын бақылау мақсатында ұйымдастырылды. Осыған орай, делегация әл-Фараби ауданына қарасты Өзбекәлі Жәнібеков атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектеп құрылыс алаңына барып, ондағы жұмыс­тардың жүргізілу барысымен танысты.

Бақылау барысында мектеп ғимараты­ның құрылыс сапасы, жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкестігі, мердігер мекеме­нің келісімшарт бойынша алған міндетте­мелерді орындау деңгейі және құрылыс жұмыстарының белгіленген мерзімге сай жүзеге асырылуы мәселелері жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар пайдаланылып жатқан құрылыс материал­дарының сапасы мен еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуы да назардан тыс қалған жоқ.

«AMANAT» партиясы сайлауалды уәделерінің орындалуына баса назар аударады және ел игілігіне бағытталған барлық жобалардың сапалы әрі уақытылы іске асуын басты назарда ұстайды. Білім беру саласын дамыту мен заманауи инфрақұрылыммен қамтамасыз ету – партияның басты басымдықтарының бірі. Сондықтан да аталған нысандарға партиялық бақылау тұрақты түрде жүргізіліп тұрады.

Осындай іс-шаралар арқылы «AMANAT» партиясы қоғам алдындағы жауапкершілігін айқын көрсетіп, халықпен тұрақты кері байланыс орнатуға және әлеуметтік мәселелердің шешілуіне нақты үлес қосады.

Елнар ЕЛТАЙ