Екі айдан кейін Павлодар облысы Тереңкөл ауданына қарасты Ивановка ауылында Мәдениет үйі мен Медициналық бекет пайдалануға беріледі.
Медициналық бекет пен Мәдениет үйі ашық
334
оқылды

Бұл нысандар «AMANAT» партиясының аймақтық сайлауалды бағдарламасы аясында салынып жатыр. Партияның Павлодар облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері құрылыс барысымен танысты.

Бүгінде Медициналық бекеттің құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі­нің шамамен 60 пайызы аяқталған. Мә­дениет үйінің де құрылыс жұмысы қызып тұр: шатыр жөнделіп, инженерлік желілер жаңартылуда, әрлеу және қасбеттік жұмыстар жүріп жатыр.

«Біз ауылға тек есеп үшін келмейміз. Медициналық бекет пен мәдениет үйі – ауылдың әлеуметтік өмірінің не­гізі. Әрбір осындай жоба сапалы әрі уақытында аяқталуға тиіс», – деді «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалы атқарушы хатшысының міндетін атқарушы Айнұр Мұхамедиярова.

«Мұндай сапарлар – партиялық бақылаудың нақты құралы. Әр нысанның артында тұрғындардың үміті тұр. Біз тек есеп берумен шектелмей, нақты нәтиже көрсетуге міндеттіміз», – деп қосты партия фракциясының облыстық мәслихаттағы жетекшісі Қанат Сатабаев.

Құрылыс пен жөндеу жұмыстарының барлық кезеңі партиялық комиссияның тұрақты бақылауында болады және нысандар толық пайдалануға берілгенге дейін жалғасады.

Елнар ЕЛТАЙ