Ілияс Сариев былтыр ораза айында ауыр дертке шалдыққан Інжудің еміне халықтан қаражат жинаған.
«Науқас сәбидің еміне жиналған қаржыны түгел бермеген»: Қайырымдылық қорының тағы бір былығы әшкере болды
Фото: instagram.com/qazaq_robin_hood
1,552
оқылды

«Елге көмек» қайырымдылық қорының басшысы Ілияс Сариевтің тағы бір әрекеті әшкере болды, - деп жазды Aikyn.kz.

Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желіде мәлімдеді. Оның айтуынша, Ілияс Сариев былтыр ораза айында ауыр дертке шалдыққан Інжудің еміне халықтан қаражат жинаған. Алайда уәде бергенмен, қаржыны мұқтаж жандарға түгел бермеген.

«Інжудің еміне халықтан 27 миллион теңге жиналады. Ең сорақасы, Сариев науқас қыздың ата-анасына тек 9 миллион теңге ғана берген. Сол ақшаға ата-ана қызын Үндістан еліне емге апарады. Алайда ол жақтан ем қонбай 10 жастағы Інжу, өкінішке қарай екі аптадан кейін туған жері Оралда қайтыс болады. Ал 27 миллионның қалған 18 миллионына Ілияс қайғыдан қан жұтқан отбысыға Оралдан баспана әперемін деп уәде еткен. Ақыр соңында, қызын жерлеп зар жылаған ата-анаға «үй алып беремін» деген Сариевтің уәдесі орындалмаған. Сонда 18 миллион теңге қайда? Түрмеде жатқан Ілиястан құзырлы орган бұл сұраққа жауап алады деп сенеміз», - деп жазды Руслан Өтепбай.

Айта кетейік, «Елге көмек» қайырымдылық қорының басшысы Ілияс Сариев ұсталды.

 Ілияс Сариевтің жалғызбсты анаға несие алғызған алаяқтық әрекеті белгілі болды.

Сонымен қатар Ілияс Сариев зағип қызы бар анаға көмек беремін деп алдап, халықтан көмек жиған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.