Кейінгі жылдары Ұлыбританияға мигранттар нөпірі толастамай тұр. 2023 жылы елге 906 мың адам кірген.
Ұлыбританияда мигранттарға қойылатын талаптар күшейеді
Фото: istockphoto
643
оқылды

Ұлыбритания билігі көші-қон заңнамасын қатаңдатады, - деп хабарлайды Aikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап.

Мұны елдің премьер-министрі Кир Стармер мәлімдеді. Оның айтуынша, мигранттар азаматтық алу үшін Ұлыбританияда кемі 10 жыл тұруы керек. Бұрын 5 жыл жететін.

Десе де, жоғары білікті мамандарға рәсімдерді жеделдетіп өтуіне рұқсат етіледі. Олардың қатарында дәрігерлер, мейірбикелер, инженерлер мен жасанды интеллект мамандары бар. Сондай-ақ ағылшын тілін білу талабы күшейтілмек. Яғни, мигранттар міндетті түрде ауызекі тілде сөйлей алуы тиіс.

Бұдан бөлек, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алу да қиындай түспек. Өйткені мигранттардың арнайы мәртебе алу мерзімі ұзартылады.

Кейінгі жылдары Ұлыбританияға мигранттар нөпірі толастамай тұр. 2023 жылы елге 906 мың адам кірген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.