Ауғанстанда «Талибан» қозғалысының билігі шахмат ойынын тыйым салынған қызмет түрлерінің қатарына қосты. Ойынның құмарлық сипаты барын алға тартқан билік өкілдері оны моральдық нормаларға қайшы деп танып отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz eadaily-ге сілтеме жасап.
Бұл туралы AFP агенттігіне үкімет мүшелерінің бірі хабарлаған.
«Шахмат ақша тігу амалы ретінде қарастырылады. Ал бұл – өткен жылы қабылданған ізгілікке үндеп, жамандықтан тыю туралы заңға қайшы», – деді елдің Спорт істері директоратының өкілі Атал Машвани.
Оның айтуынша, «діни сипаттағы мәселелерге» байланысты шахмат Ауғанстан аумағында уақытша тоқтатылады. Бұл шектеу аталған мәселелер шешілгенге дейін күшінде болады. Алайда тыйымды бұзғандарға қандай шара қолданылатыны нақтыланбаған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.