Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қазақстан Президенті мен Абу Дабидің Тақ мұрагері «Этноауыл» көрмесіне барды
Фото: Ақорда
416
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян қазақ халқының мәдени мұрасын таныстыратын «Этноауыл» көрмесіне барды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мәртебелі меймандар ұлттық киім үлгілері, қолөнер, әдет-ғұрып пен музыкалық аспаптар, халық ойындары көрсетілген түрлі тақырыптық аймақты тамашалады.

Қазақ халқының бай тарихы мен рухани құндылықтарын танытатын аңшылық және кескіндеме өнеріне баса назар аударды.