Қазақстан ауыр атлетикадан Цзяншань (Қытай) қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды.
Ауыр атлет Пётр Хребтов Қытайда өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды
Фото: AWF
392
оқылды

Ұлттық олимпиадалық комитеттің ақпаратынша, жалпы есепте үшінші орын алған Пётр Хребтов қола жүлдегер атанды. Ол 73 келіге дейінгі салмақ дережесінде өнер көрсетті.

Қоссайыстың қорытындысы бойынша, қазақстандық зілтемірші 333 (146+187) келі салмақты еңсерді.

Бірінші орынды Индонезия өкілі Абдулла Рамат Эрвин,  екінші орынға Хайфена Климен жайғасты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.