Қазақстан құрамасының спортшысы Хамзаальпер Ромашкин таэквондодан Фуджейрада (БАӘ) өтіп жатқан жастар арасындағы (WT) әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
Хамзаальпер Ромашкин таэквондодан жасөспірімдер арасындағы әлем  чемпионатында алтын медаль иеленді
Фото: Қазақстан таеквондо федерации
711
оқылды

Ұлттық олимпиадалық комитеттің ақпаратынша, 61 келіге дейінгі салмақ дережесінде өткен финалдық жекпе-жекте Ромашкин Канада өкілі Никола Самордичти сенімді әрі техникалық шеберлікпен жеңді.

Айта кетейік, БАӘ-де өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатына 81 елден 800-ден  астам спортшы қатысып жатыр. Аталмыш жарыс 14 мамырға дейін жалғасады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.