«Ұлы дала жорығы»: екінші күннің жеңімпазы анықталды

«Ұлы дала жорығы»: екінші күннің жеңімпазы анықталды
«AMANAT» партиясының қолдауымен Алматы облысы әкімдігі және Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырған «Ұлы дала жорығы - 2025» өтіп жатыр. Екінші кезең қорытындысы бойынша, Маңғыстау облысының командасы жеңімпаз атанды.

11 мамыр күні халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бəйгесінің екінші кезеңі аяқталды, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

AMP

Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша, Маңғыстау облысының командасы жеңімпаз атанды. Қырғызстанның бірінші командасы мəре сызығына екінші болып жетсе, Алматы облысының командасы үштікті түйіндеді.   

AMP

Жол қашықтығы 500 шақырымды құрайды жəне бағыт Алматы облысының аумағын қамтиды. Марафон 14 мамыр күні Қонаев қаласында аяқталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.