Елордада Ш.Айтматов көшесінің учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады.
Астанада жол жөндеуге байланысты қозғалыс шектеледі
Фото: gov.kz
857
оқылды

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ұлы Дала даңғылынан Ж.Молдағалиев көшесіне дейінгі учаскеде Ш.Айтматов көшесінің екінші қабатын салуды бастайды, - деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Осыған байланысты, 11-27 мамыр аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, 11-18 мамыр аралығында Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Болашақ көшесінен Жаңақоныс көшесіне дейінгі учаскеде Күршім көшесіне орташа жөндеу жүргізеді.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.