Төтенше жағдайлар министрлігі еліміздің басым бөлігінде дауыл болатынын ескертіп, халыққа қауіпсіздік шараларын сақтау туралы ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, еліміздің басым бөлігінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, тұман, желдің екпіні, шаңды дауыл және қатты ыстық сияқты қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстар күтілуде. ТЖМ дауыл туралы ескертулерді қадағалап, қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауыңызды өтінеді!, - делінген хабарламада.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.