Блогер Айсәуле Бақытбек анасы, танымал продюсер Баян Алагөзоваға пранк жасаған видеосын әлеуметтік желіге жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Бейнежазбадан Айсәуле анасына «Кешті достарыммен бірге өткізейін деп едім. Көптен бері қыдырмадым, үш баламды қарай тұрыңызшы» деп өтініш айтқанын көруге болады. Алайда Баян Алагөзова бұл ұсыныстан бас тартқан.
«Ақыл-есің дұрыс па, қызым? Олар ұйықтамайды, айғайлайды. Бұл үйді білмейді ғой. Бала күтуші қайда? Ондай жауапкершілікті мойныма ала алмаймын. Жоқ, жоқ, жоқ", - дейді Баян Алагөзова.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.