Бүгін Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел-құтқару жасағы Сарыарқа ауданында 1993 жылы туған ер адамды құтқару бойынша сәтті операция жүргізді.
Оқиға "Қараөткел" көпірінде болған. Ер адам көпірдің аркасына шығып отырған. Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, арнайы құралдардың көмегімен оны қауіпсіз жерге түсірді. Кейін ол тәртіп сақшыларына тапсырылды.
Қазіргі таңда ер адамның бұл әрекетке не үшін барғаны анықталуда. Астана қаласының ТЖД азаматтарды өз өміріне қауіп төндірмеуге және мұндай жағдай туындағанда бірден 112 нөміріне хабарласуға шақырады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз