Баланы ТЖМ қызметкерлері алып шыққан.
Шымкентте кәріз шұңқырына түскен бала құтқарылды
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
696
оқылды

Шымкенттің  Хантәңір көшесі бойында орналасқан жеке тұрғын үйлердің бірінің маңында 2016 жылы туған бала доппен ойнап жүріп, абайсызда кәріз шұңқырына түсіп кеткен. Салдарынан  су өткізу құбырына аяғын қыстырып шығара алмай қалған.
"ТЖМ құтқарушылары баланың аяғын құбырдан шығарып, жедел медициналық жәрдем бригадасына табыстады", - деп жазылғанТЖМ хабарламасында.
ТЖМ балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.