Әлеуметтік желілерде ауыл әкімін бірнеше жыл бойы оның қарамағында жұмыс істеген қызын қорлады деп айыптаған әйелдің бейнеүндеуі жарияланды. Бұдан бөлек, күдікті зардап шеккен қыздың ата-анасымен дос болған.
Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау камерасында отыр.
«Шет ауданының 23 жастағы тұрғынының өтініші бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сол күні полиция күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Соттың санкциясы бойынша оған қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Қадағалау органы сот алқасына жеке апелляциялық өтінішхат жолдады. Өтініш қанағаттандырылып, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.