Бүгін сағат 11:20-да Қостанай стансасында маневрлік жұмыстар жүргізу кезінде тепловоз бен жеңіл автомобиль соқтығысты. Бұл туралы «Қазақпарат» «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ сілтеме жасап мәлім етті.
Қостанай стансасында тепловоз бен жеңіл автокөлік соқтығысты
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
1,091
оқылды

«2025 жылғы 10 мамырда сағат 11:20-да Қостанай стансасында маневрлік жұмыстар жүргізу кезінде тепловоз бен жеңіл автомобиль соқтығысты. Зардап шеккендер жоқ», – делінген хабарламада.

Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиғаның себебі автомобиль жүргізушісінің теміржолдан өту ережелерін бұзуы болды.

Қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.