Бейбарыс Қаблан (87 келіден жоғары) күміс медаль иеленді.
Қазақстан таеквондодан Қытайда өткен Азия чемпионатын жеті медальмен аяқтады
Фото: ҰОК
339
оқылды

Қытайдың Уси қаласында таеквондодан клубтар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР ҰОК мәліметінше, аталған жарыста Қазақстан құрамасы жеті медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте төртінші орынға ие болды.

Турнирде алтын жүлдені Мария Севостьянова (57 келіге дейін) мен Дамир Шуленов (68 келіге дейін) жеңіп алды.

Бейбарыс Қаблан (87 келіден жоғары) күміс медаль иеленді.

Қола медальға Нодира Ахмедова (49 келіге дейін), Тамирлан Тлеулес (58 келіге дейін), Алтаир Өмірбеков (74 келіге дейін) және Батырхан Төлеуғали (80 келіге дейін) қол жеткізді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.