Ұлы Отан соғысының ардагері Любовь Горковская биыл 100 жасқа толды.
Белоруссия мен Балтық елдері үшін шайқасқан байланысшы
dknews.kz
1,431
оқылды
Любовь Николаевна 1925 жылдың 20 сәуірінде Украинаның Луганск облысында дүниеге келген. 1943 жылы ол майданға өз еркімен аттанып, әскери байланысшылар курсын тәмамдағаннан кейін, Бірінші Украина майданының жаяу әскер атқыштар дивизиясы алтыншы полкінің құрамына қосылған.

Харьков түбіндегі ұрыстар кезінде оның дивизиясы қоршауға түседі. Алайда 1944 жылдың сәуірінде әскери бөлім жау шеңберінен шығып, кейіннен азат етілген Севастопольге жетеді. Кейін Любовь Горковская Белоруссия мен Балтық елдері үшін болған шайқастарға қатысады, жеңіс туралы хабарды да сол жақта естиді.

Соғыста көрсеткен ерліктері үшін Любовь Николаевна I және II дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған.

Соғыстан кейін ол туған ауылына оралып, халық ағарту бөлімінде жұмыс істеді. 1946 жылы жолдасымен бірге Қазақстанға көшіп келіп, еңбек жолын жалғастырды.

Любовь Николаевнаның екі баласы бар. Қазір денсаулығы сыр беріп жүр. Бостандық ауданының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері ардагерге жиі барып, қолдан келгенше қолдау көрсетіп келеді.