Қазақстандықтар ел ішіндегі сапарларға 582,7 миллиард теңге жұмсаған

Қазақстандықтар ел ішіндегі сапарларға 582,7 миллиард теңге жұмсаған
Ұлттық статистика бюросы туристердің шығын көлемін жариялады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылы туристік сапарға шыққан азаматтар саны 11 287 мың адамды құрады, оның ішінде республика шегінде 9 903,5 мың адам (87,7%), республикадан тыс жерлерге – 1 383,4 мың адам (12,3%) сапарға шыққан, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сапарлардың негізгі үлесі жеке мақсаттар бойынша болған – 10 532,8 мың адам немесе сапарлардың жалпы санының 93,3%, іскерлік және кәсіби мақсатта – 754,2 мың адам (6,7%).

Барушылары ең көп болған өңірлер қатарында Астана (10,5%), Алматы (10,2%) қалалары, сондай-ақ Түркістан (8,8%), Қарағанды (7,9%) және Алматы (7,4%) облыстары бар.

Қазақстан бойынша сапарлау кезінде туристердің көпшілігі жатын орны тегін болатын туыстары не таныстарына (64,2%) баруды жөн көрген. Қонақүйлерде (15,2%), жалдамалы тұрғын үйлерде (11,6%) және санаторийлерде (3,3%) тоқтағандардың үлесі айтарлықтай аз.

Пайдаланылған көлік түрлері бойынша қарасақ, ел ішінде сапарлағандар өз автокөлігімен (36,1%) және теміржол көлігімен көбірек қозғалған (26,4%), сырт елге барушылар – әуе көлігін (55,7%) жөн көрген.

AMP

2024 жылы туристік сапарға шыққандардың ақшалай шығыстары 957,7 млрд теңгені құрады, ел ішінде сапарлағандар  – 582,7 млрд теңге (60,8%).

Қазақстан шегінде жеке мақсатта туристік сапарға шыққандардың негізгі шығыстары тауарларды сатып алу (29,5%), көлік қызметтері (25,2%), тамақтану (21,0%) және орналастыру орындарында тұру (12,6%) қызметтеріне кеткен.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.