Актриса Айгүл Иманбаева қуанышты жаңалығын жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі Мадрид қаласында жеке концертін өткізбек.
“Еуропа, сәлем! Кездесуге дайынсыздар ма? 29 сәуір күні Мадрид қаласында, кешкі сағат 19:00-де менің жеке шығармашылық концертім өтеді. Құрметті Мадрид тұрғындары мен қала қонақтары, Сіздермен жүздесуге асықпын! Ендеше, құрметті еуропалықтар, жіберіп алмаңыздар! Сіздерді шын жүрекпен күтемін!” - деп жазды актриса.
Сонымен қатар 30 сәуір күні Францияның жүрегі Париж қаласында кешкі сағат 19:00-де жеке концерті өтетінін хабарлады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.