Ұлттық кітап күні мерекесі аясында Алматы қаласының мемлекеттік қуыршақ театрында «Ор­ман ғажайыптары» қойылымы сахналанды.
Кішкентай көрерменді қуантты
450
оқылды

Қуыр­шақ театрының ұжымы көрермендерге белгілі неміс жазушысы Отфрид Пройслердің «Кішкентай сиқыршы» повесі желісімен сахналанған «Орман ғажайыптары» спектаклін ұсынды. 

Қойылым режиссері Антон Зайцевтың сө­зін­ше, балалар әдебиетінің алтын қорынан орын алған бұл шығарма – жақсылық пен зұлымдық, батылдық пен мейірім, адалдық пен ізгілік та­қырыптарын қозғайтын ойлы туынды. Ертегі кейіп­керлерінің сахнаға шығуы – кітапқа деген сүйіс­пеншілікті жаңа деңгейге көтерудің жар­қын үлгісі болды. 

«Орман ғажайыптары» қойылымының оқиға желісі көне кітапхана ішінде өрбиді. Бір қарағанда шаң басқан, ұмыт қалған томдар. Алай­да дәл осы тыныш әрі тылсым кеңістікте шек­сіз қиялға жол ашатын сиқырлы әлем баста­лады. Бұл жай ғана оқиға емес – бұл ертегілер әлеміне ашылған есік, әр парағы жұмбақ пен ғажайыпқа толы кітаптардың әлеміне саяхат. 

Қойылымның басты идеясы – балаларды кітап оқуға баулу, олардың бойында оқу мәде­ние­тіне деген қызығушылықты ояту. Сахнадағы оқи­ғалар арқылы кітаптың тек қағаз бен әріптер жиынтығы емес, нағыз тірі кейіпкерлерге толы си­қырлы дүние екенін көрсету көзделген.

– Ұлттық кітап күні – бұл рухани байлыққа бас иетін, әдебиеттің құдіретін дәріптейтін ерек­ше күн. Мемлекеттік қуыршақ театры бұл мере­кені кітап пен театр арасындағы алтын көпірді жалғау арқылы атап өтуді жөн көрді, – дейді Мем­лекеттік қуыршақ театрының директоры Алмат Амангелді.