Соғыс басталған кезде ол бар-жоғы 14 жаста болған.
"Соғыс жайлы айту өте ауыр" – Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Салазкин
242
оқылды

Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Салазкин 1927 жылы дүниеге келген. Ол 1944 жылы әскерге шақырылып, бірінші Қиыр Шығыс майданында соғысқан.

 Ұлы Отан соғысында «Германияны жеңгені үшін»  және  "II дәрежелі Отан соғысы" ордендерімен, «Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков» медалімен марапатталған.

Соғыс басталған кезде ол бар-жоғы 14 жаста болған. 

"Соғыс жайлы айту өте ауыр. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болса екен. Соғыс болмаса екен деп тілеймін. Соғыстың зардабы әрине, ел-жұртқа ауыр тиді. Кез келген қиындықты еңбекпен, табандылықпен жеңуге болады. Сондықтан келешегіміз жарқын болсын десек, өскелең ұрпақ тынымсыз еңбек етуі керек", – дейді Василий Салазкин.