Таиландтың Бангкок қаласында Азия чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан құрамасының спортшысы Максим Мейірлан дзюдодан үшінші орын алды.
Максим Мейірлан дзюдодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
456
оқылды

Қазақстандық балуан 90 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Бұл туралы ҰОК хабарлады.

Максим Мейірлан қола медаль үшін болған белдесуде тәжікстандық Умид Раджабовты жеңді. Нәтижесінде, Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті қола жүлдені салды.

Айта кетейік, дәл осы салмақта Ермахан Әнуарбеков те қола медаль үшін күресті. Алайда ол жапониялық Комей Кавабатаға есе жіберді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында төрт медаль бар. Бұған дейін Ғалия Тынбаева (48 келіге дейін), Шерзод Давлатов (60 келіге дейін) және Бақыт Құсақбаева (57 келіге дейін) қола медаль жеңіп алған болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.