Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды Түркістан әуежайынан қарсы алды.
Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстанға келді
Фото: Ақорда
708
оқылды

Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстанға келді,  деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент мәртебелі мейманды Түркістан әуежайынан қарсы алды.

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов бейресми кездесу өткізіп, қаладағы бірқатар нысанды бірге аралап көреді.