Студенттер халықаралық өнер фестивалінде топ жарды

Студенттер халықаралық өнер фестивалінде топ жарды
Бұл ENU жастары үшін үлкен шабыт пен жаңа белестерге жол ашқан халықаралық деңгейдегі байқау болды.

Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өткен IV халықаралық Dubai Grand Festival  өнер байқауында ENU жастары ел намысын абыроймен қорғап, зор жеңіске қол жеткізді, – деп хабарлайды Аikyn.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

«Аспапта орындау» номинациясы бойынша өнер көрсеткен «Дала сазы» фольклорлық оркестрі мен «Театр» номинациясында бағын сынаған «Шаңырақ» студенттік театры байқаудың ең жоғары марапаты – Бас жүлдеге ие болды.

Фестиваль аясында қатысушылар шеберлік сыныптарына қатысып, түрлі елдерден келген өнерпаздармен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.