Қазақстанда қанша автокөлік бар?

Қазақстанда қанша автокөлік бар?
Наурыз айында 147 мың көлік есепке қойылған, елімізде электромобильдер саны да өскен.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылғы наурызда 147 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылған, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5% артық, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 937,7 мың бірлікті құрады, оның ішінде 88,2% – жеңіл автомобильдер, 9,9% – жүк автомобильдері және 1,9% – автобустар.

Пайдаланатын отын түрі бойынша көліктің 81,8% бензинмен жүреді, аралас отынмен жүретін автомобильдердің үлесі – 7,3%, дизель отынымен – 7,1%, газбен жүретін автомобильдердің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 083 бірлікке ұлғайды, көліктің жалпы санында газ баллонымен жүретін автомобильдің үлесі – 0,3%, тағы 14 266 бірлік автомобиль электр энергиясы есебінен қозғалады және автомобильдердің жалпы санының 0,2% құрайды, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда электромобильдер саны 1,5 есе өскен.

AMP

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.