Алматы қаласында дауылдан бірнеше тұрғын үй зақымданды

Алматы қаласында дауылдан бірнеше тұрғын үй зақымданды
Қалада кеше кешкі уақытта ауа райы күрт бұзылып, кенеттен екпінді жел басталған.

Нөсер жауын мен қатты дауылдан ондаған ағаш құлап, көліктерді зақымдаған. Үйлердің шатырлары қирап, құрылыс қоршаулары бұзылған. Кейбір аудандарда жарық сөніп, мобильді байланыс істемеген.

Полиция департаменті қолайсыз ауа райы кезінде 10-нан аса жол-көлік апаты тіркелгенін хабарлады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.