Биыл Ұлытау облысында 14 мыңға жуық киік өлексесі табылды

Елімізде жыл басынан бері 18 мыңға жуық киік өлексесі жиналды. Басым бөлігі Ұлытау облысында.

Өңірде тазалау, жою жұмыстары әлі жалғасуда. Оған 5 облыстан келген арнайы мамандар мен еріктілер қатысып жатыр. Тұрғындар даламыз өлексе сасып, суымыз бүліне ме деп алаңдаулы. Себебі Кеңгір су қоймасы әлі де толықтай тазартылмаған.

Өлекселерді жинау жұмысына 80-ге жуық адам мен 30-ға тарта техника жұмылдырылған. Ал облыс бойынша жыл басынан бері 14 мың өлексе жойылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз