Маңғыстау облысында 12 оқушы астан уланған

Маңғыстау облысында 12 оқушы астан уланған
Бейнеу ауданының Манашы жалпы білім беретін мектебі оқушыларының тамақтан улану дерегі бойынша тексеру басталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Оқиғаға байланысты әкімдіктің жанынан штаб құрылып, санитариялық-профилактикалық шара ұйымдастырылды. Мектеп асханасы жабылды. Ал уланған 9-12 жас аралығындағы балалар дәрігерлердің тексеруінен кейін үйлеріне жіберілген. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.