Спортшы жеңіс тұғырында тұрғанын, көк Тудың желбіреп, жоғары көтерілген сәтін елестеткенін айтады.
«Алтын алуды армандап, Әнұранның шырқалғанын елестетуді ұмытыппын»: Назым Қызайбай қалай визуализация жасағанын айтты
Фото: видеодан кадр
3,368
оқылды

Бокстан үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай журналист Әйгерім Сейфоллаға берген сұхбатында армандау тақырыбында әңгіме өрбітті, – деп жазды Aikyn.kz.

Олимпиададан кейін берген сұхбатында боксшы жетістікке жету жолында қиялға беріле отырып болашағыңды елестетудің еш әбестігі жоғын айтып, визуализация жасағанын жасырмаған. Айтуынша, психолог мамандар да осы тақырыпқа қатысты кеңес берген.

Спортшы жеңіс тұғырында тұрғанын, көк Тудың желбіреп, жоғары көтерілген сәтін елестеткенін айтады. 

«Әрқашан жасаймыз. Оқу-жаттығу жиынында жүргенде күнделікті әдет, себебі психологтардың өзі кеңес берген. Адам болғаннан кейін армандайсың ғой. Алтын алуды армандайтынмын, көк байрағымыздың желбірегенін елестететінмін, бірақ сол кезде Әнұранның шырқалған сәтін де көбірек ойлауым керек еді. Қазір соған өкінемін», – дейді спортшы.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Жетінші арна | 7 канал (@tv7_kz)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.