Боксшы Махмұд Сабырхан Странджа турниріне қатыспайтын болды

Боксшы Махмұд Сабырхан Странджа турниріне қатыспайтын болды
Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Боксшы Махмұд Сабырхан Странджа халықаралық турнирі аясындағы бүгінгі жекпе-жекке шықпайтын болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

54 келі салмақта өнер көрсететін боксшы дәрігер шешіміне сәйкес жарысқа қатыса алмайды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Тағамдық инфекция. 3 наурызға дейін жарыстарға қатыспайды”, – делінген медициналық анықтамада.

Бүгінгі жарыста Махмұд Сабырхан косовалық Бажоку Башкиммен жұдырықтасуы тиіс еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.