ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова желідегі парақшасында “Бір болайық, нұрланайық” атты әнінің шығу тарихына қатысты бейнежазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Өнер иесі 20 жыл бұрын түсірілген бағдарламаның үзіндісін бөлісті.
“Сейдолла Бәйтереков махаббатты бәрінен биік қойды. Әбдірахман Асылбек ағамыз сөзін жазды. “Бір болайық” әнін сазгер Заманбек пен Мақпалға арнайы жазды”, – дейді бағдарлама жүргізушісі.
Желі қолданушылары бұл әнді қазір неге орындамай жүргенін сұрады.
“Зәкең бар кезде айттым. Ол жоқ кезде айтқым келмейді”, – деп жауап берді әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.