Әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан WTA 1000 турнирін сәтті бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстан теннис федерациясы баспасөз қызметінің мәліметінше, жарысты екінші айналымнан бастаған қазақстандық теннисші әлем рейтингінде 62-орында тұрған жапониялық Моюки Утидзиманы 6:3, 6:2 есебімен оңай жеңді.
Жарыстың ширек финалына шығу үшін, Елена әлемнің 10-ы ракеткасы испаниялық Паула Бадосамен кездеседі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.