Роза Рымбаеваның ұлы Әли Оқапов жұбайы Ақерке Бүркітбайдың кешірімділігіне ерекше тәнті екенін жеткізді, – деп хабарлайды Аikyn.kz
«Маған ұнайтыны – менің қателіктерімді кешіре білгенің. Ол үйленгенге дейін де қаншама қателік болды, кейін де болған шығар. Өмірде қаншалықты тырыссаң да, кейде аяқасты шалыс басатын кездер болады ғой – теріс әрекетке барасың, дұрыс емес сөз айтасың. Кейде біліп жасайсың, кейде білмей жасайсың – соның барлығын кешіре білгенің үлкен қасиет», – деді Оқапов.
Өз кезегінде оның жұбайы отбасылық өмірде күнделікті жылы сөз айтып, махаббатқа берілмейтіндерін, екеуі де табиғатынан тұйықтау екенін жеткізді.
«Дегенмен мерекелерде біз ашылып, жылы сөз айтуға тырысамыз. Әли отбасын құрғанға дейін сөзге жоқ, эмоцияға салқындау болды, кейін бірте-бірте жүрегі жібіді. Қазір ойын маған барынша ауыр етпейтіндей жеткізуге үйренді – осы қасиетін бағалаймын…Екіншісі, осы екі жылдың көлемінде мен оны жақсы әке ретінде таныдым. Жауапкершілікпен қарайды бәріне», – деді Ақерке Бүркітбай.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.